Жапондар ерігіп кеткен ба әйтпесе теңізбен қоршалған аралда өмір сүретіндіктерінен ба жәндіктерге өте мән беретін секілді.Оның белгісі ретінде Japanese Bug Fights деген тек жәндіктердің өзара төбелесін тамашалатын сайт құрыпты. Мысалы төменде:

 
Music sites 08/30/2008
 

Сапалы, тегін музыка тыңдатуға мүмкіндік берерін сайттар:

- www.imeem.com

- www.snuzu.com

- www.deezer.com

- www.musicopat.com

- www.musicovery.com

Әрине бұлармен ғана шектеліп қалмаған, мұнда тек менің жолыққандарым.

 
 

Гитар сүйерлерге пайдалы болар деп ойладым - songsterr.com ды.Шынын айтар болсам сайтты қалай қолдануды біле алмадым.Мүмкін нота білмейтіндігімнен солай болды ма.Сырын шешуші болып жатса кері байланыс арқылы ұқтыра кетуін өтінумен сайтқа апарар сілтемені қоя кетейн.Іске сәт.

 
 

Жалпылай байқауымызша компьютерлерімізде тұруға тиісті программалар аз аздап онлайн системаға ауып бара жатыр.Microsoft Office программаларының (тіпті тегін) версияларын google docs ретінде былтыр қызметке кіріп қойғанын білеміз.Оны қолданушылар риза.Осылардың нәтижесінде online operating systems деген ұғым пайда болыпты енді.
Жалпылама бір бағыттың осынадай екенін айта кеттім.

Тақырыптағымен сәйкеспейді ғой мына жазба деп сасып қалғандар боуы мүмкін:) Тақырып бойынша болғанда мында тағы бір web based програм бар, аты keybr .Оған мына сілтемемен немесе осы блогтың  ілмек " жиыны "- н пайдалана отырып бара аласыз. Програм ашылғанда онысыз да түснікті бола қалатын болу керек, жылдам жазуға жаттықтырады. Бастау үшін қандай бір жеріне click істеп содан бас жағында көрсетіліп тұрған жазуларды жаза бастау керек болады. Жазбалар ұзындау екен , ерініп тұрсаңыз бастамаңыз, бітпей ортада қалғанша.

 
 

Өте қызықты бір веб сайтқа жолықтым.Әдресі болғанда http://text-to-speech.imtranslator.net/, мына сілтеме солай апарады. Я әдресі қызық дегендігім емес, мұнда тіл үйренушілерге
арнайы тілдердің акцентін(дұрыс дыбыстау ережелері)шығарып береді.Сілтеме бойынша кіріп барғанда онысызда көрінеді, қазірше 10 тіл бар databese-інде. Ағылшыншасында болғанда еркек жане әйел дыбыстауларына жолығылады. Сайттағы ақ төртбұрыштың ішіне жазылған сөзді оқып дыбысқа айналдырады деген сөз.Мысалы, тәжірибесін жасайтын болып жаңағы ақ төртбұрышқа what the hell is going on there деп жазып алып содан оң жақ басындағы "say it" дегенді басып қалғанда кәдімгі бір оригинал американның дыбысы келді.
Мұндай құралдардың қажеттілігі сөзсіз.Бір сөз болса да дұрыс дыбыстай білу керек-ақ.Мен бұрыннан бері Nike маркасын тікелей " найк " деп оқып жүретінімді, үйтсем нағыз дұрысы болғанда " найки " деп естіледі екен.
Басқадай тілдердің арасында Қытай,Француз,Неміс,Итал,Жапон,Орыс,Кореа,Португал және Испания тілдері бар.
Бұл сайтқа тағы талай керегі шығып жататын болса mahambet.weebly.com-ға келіп категориялардың ішінен "accent" ілмегі , немесе блогтың " ілмек жиыны " деген бетке келіп сол беттегі шоғырдан " акцент " - ті басу керек.
 

 
Дыбыс 08/17/2008
 

Мұнда да бір түрлі-түсті дыбыс табуға жарайтын сайт бар.ДЫбыстарды форматымен,жиілігімен деген сияқты жан-жақты қарастыратындығы жағымды.Веб сайт істеумен айналысушыларға
бір құрал ретінде керегі болатындығына күмәнім жоқ. www.findsounds.com

 
Cuil & Hakia 08/17/2008
 

Интернетте бірдеме іздеуіміз керек болғанда google.com-ға жүгіретініміз барлығымызға жат емес.Шынында да google ісмізге жарайды-ақ.Алайда,іздеу моторы тек қана google-мен шектеліп қала бермегенге ұқсайды.Қазіргі кезде semantic search - яғни, "кірілген сөз бен сөйлемге қарай отырып мотордың іздеуші кісінің ойындағы нәтижеге қол жеткізу" деген ұғыммен сипатталатын іздеу моторлары шыға бастаған.Солардың қатарында дардай алдыңғы орындарда жүргендер : cuil мен hakia.
cuil - бұл мотордың құрушылары бұрын Google компаниясында жұмыс істегендер деген мәлімдеме бар.Сайтына кіріп, "about cuil"-сілтемесіне басқанда қарсымызға мына жазба шығып тұр:

Welcome to Cuil—the world’s biggest search engine. The Internet has grown. We think it’s time search did too.
The Internet has grown exponentially in the last fifteen years but search engines have not kept up—until now. Cuil searches more pages on the Web than anyone else—three times as many as Google and ten times as many as Microsoft.

Ең үлкеніміз іздеу моторлары арасында,Google-ден 3 есе, microsoft-тан 10 есе көп бет
іздей алатындығын айтады. Cuіl білім деген мағынада екен.

Ал енді тағы бір сапалы моторлардан - hakia.com .Мотор , АҚШ-та тұратын бір түрік инженер
тарапынан құрылған екен.

 
 

Байқап көрсем соңғы кезде бәрі онлайн болып кетіпті.Өткенде де онлайн фотошоп,paint ана-мына деп жазған екем осында.Бүгін де солардың қатарына photofunia.com дегенді қосып қойғым келді.Аталған сайттың қалай істерге керектенілетінін төмендегі суреттен аңғаруға болады.Тақырыбында жылдам дедім, ол еффект беру тұрғысынан тез деген мағынада. Сурет сапасы жоғарлаған сайын процесс баяулай түсіп жатыр.

 
 
 
 

Paint програмасы онысызда компьютерде windows-та бар емес пе неге онлайн түріне қажет болады екен деген сұрақ туатын ақ шығар.Я бәлкім солай да. Ал солай емес дейтіндер , артықшылығы бас жармайды дегендер тек осыған веб сайттар ашып қойыпты. Windows paint-ке қарағанда ықшамдылығы көзіме түсті. Тамашалау үшін :

 ең алдымен :  арт.ком (басып қал)
 одан кейін :  оффтайп.нет (басып қал)