Емтихан,ана-мына деп жүргенде блогқа жаңа жазулар кіргізілмегелі дардай болып қалыпты.Бүгін не жазсам деп ойланып отыр едім ойыма резюмет уралы білгендерім және де іздестірулерімнен баяндай кету келе қалды.Резюме дей салдым,терминнің қазақшасын білетіндер кері байланыс жолымен немесе коммент арқылы
білдіре салар деген оймен. Ағылшынша сv немесе resume деп іздетіп көрсеңіз бұл жайлыт үрлі-түсті,мыңдаған мәліметтерге жету әбден мүмкін. Тек ғана cv жазумен айналысатын жұмыс мекемелері аз емес қазіргі кезде. Ең алдымен резюменің негізгі анықтамасына бір тоқтала кету жөн болар:СV-дің шығу тегі , латыншада "өмір ағысы" мағынасына келетін curriculum vitae деген сөзініңқысқартылған түрі. Бұл терминмен казіргі кезде көбінесе жұмыс іздеушілерден көп естиміз.CV-діңөзіндік дизайны , көрер көзге татымды ,ретті жазылған болуы маңызды болып келеді. Бар жоқты бір немесе ең көп дегенде екі беттен тұрады. Шығу тегіне қарай ұғымымызбен , адамның өмір баяны жайлы жазылатынына көз жеткіземіз. Бірақта мұндағы өмір баян әлдеқайда бөлек форматта болу қаланады ресми сипатта болу жағынан .Сондықтан аты жөн, туылған ай-күн, мемлекет , ұлт ,әдрес , байланыс номері сияқты тұлға мәліметтерімен бастала келіп сол адамның бұрын соңды қандай іс , қызметтер атқарғаны,мамандығы,кайда қашан істегені,соның ішінде дәлі қай салада деген толық анық мәліметтер беріледі.Резюме дайындау жайында мыналар еске алынуы керек :

-әсте грамматикалық қате істемеу , бір әріп әшейік
-кеуде сурет ашық-жарқын , шаттықты түсілген болу
-өз сөздеріңді қолданған болу
-тиесілі компания, сектор жайлы алдын ала білетін болуыңыз
 -жұмысқа алушыға мағыналы келетін терминдерді ғана керектену
 
Үлгі ретінде осында форматын да еңгізіп қояйын дедім.Төменде резюменің қазақша және ағылшынша нұсқасы қойылды

cv.english.doc
File Size: 61 kb
File Type: doc
Download File

resume.kazakh.doc
File Size: 60 kb
File Type: doc
Download File

Қалжыңдау сыңаймен , біреудің ерінбей жалықпай,  flash арқылы жасаған резюме туралы қысқа animation-ын тамашалай кетіңіз. Мына сілтеме соған апарады.